Жалпы сипаттама

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі №36/81 қаулысымен «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ екі дербес заң тұлға ретінде бөлу арқылы қайта құрылды, соның бірі «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ  болып табылады.

 

03.09.2013 жылы «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ Қарағанды облысының әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді.

 

«Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы №20/36 қаулысымен «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ «Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің қосылуы арқылы қайта құрылды.