ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазакстан халқына Жолдауларын жүзеге асыру жөнінде

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазакстан халқына Жолдауларын жүзеге асыру жөнінде

12.10.2016

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларының негізгі

бағыттарының орындалуы жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жүзеге асырылуы барысы туралы ақпарат 


Мемлекет басшысының «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың Жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша Саран қаласы әкімінің 2014 жылғы 27 ақпандағы «Ақпараттық-насихаттау тобын құру туралы» № 07-ө өкімін орындау мақсатында 15 ақпараттық-насихаттау тобы құрылды, оның ішінде 3 жастар тобы, этникааралық және конфессияаралық қатыныстар саласындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау және діни экстремизм мен тероризмнің көріністері фактілерінің алдын-алу бойынша — 1, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау бойынша — 1. Жоғары аталған топтарға депутаттар, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар, бірінші басшылар, БАҚ, қаланың жастар көшбасшылары өкілдерін біріктірген 66 дәріскерлер енеді.
Есеп беру кезеңінде қала кәсіпорындарының және мекемелерінің еңбек ұжымдарында калалық ақпараттық-насихаттау топтарының 150 кездесуі, сонымен қатар республикалық және облыстық ақпараттық-насихаттау топтарының 6 кездесуі өтті.
Қала аумағында Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша 13 баннерлік тартпалар орналастырылған.
Қалалық бұқаралық — ақпарат құралдарының редакциялары арнайы дайындалған Медиа-жоспар бойынша жұмыс жасайды.
Жалпы есеп беру кезеңінде «Саран газеті» қалалық газетінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы" Жолдауына 25 пікір, мемлекеттік мекемелер басшыларының 13 есебі, Саран қаласы әкімінің есебі, Ақтас кенті әкімінің есебі, Жолдаудың негізгі бағыттарын насихаттау және түсіндіру бойынша 187 материал және қалалық радио эфирінде 63 сюжет жарияланды. Облыстық «Қазақстан» МТРК арнасында республикалық және облыстық ақпараттық-насихаттау топтарының кездесулері жайлы 6 видеосюжет шықты.
Экономика 
«2014 жылы экономика өсімі 6-7% деңгейде, сондай-ақ жан басына шаққанда ІЖӨ 14,5 мың АҚШ доллары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етілсін». 
2014 жылға Саран қаласының экономикалық өсімін қамтамасыз ету жөнінде іс-қимылдардың қадамдық жоспары әзірленген. Жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 5,9% немесе 1720,4 млн. теңгеге, оның ішінде өнеркәсіпте — 7,3%, ауыл шаруашылығында — 1,5%, құрылыста — 2,1%, көлікте — 3,0%, саудада — 2,6%, басқаларында — 0,9% жоспарланған.
«2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары қабылдансын».
Бәсекелестік ортаға 100% беру жөніндегі ұсыныспен «Абаттандыру ЖШС, «Саран тынысы» ЖШС үлестері Қарағанды мемлекеттік сатып алулар және активтер басқармасына 2014 жылғы 7 ақпанда берілді.

Кәсіпкерлік және өндіріс
Қаланың базалық салалары ішіндегілерінің бірі ретінде саланы таңдау үшін алғышарт көмірдің барланған және әлеуметтік қосымшалардың үлкен көлемі болып табылады.
Тау-кен саласы негізі көмір өндіруді іске асыратын кәсіпорындармен, темір және барит кенін байыту бойынша кәсіпорындармен ұсынылады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті, «Бай жол» ЖШС, «Эдельвейс +» ЖШС құрамына кіретін «Саран» шахтасы және Т. Күзембаев атындағы шахта көмір өндірумен айналысады, «Saburckhan technologies» ЖШС темір кенін байытуды іске асырады.
Тоқтап тұрған барит концентратын шығару бойынша «Саран» БФ өндірісін қайта құру аяқталуда.
А.ж. 4 тоқсанында «Сарыарқа Көмір» ТКӨ ЖШС — бұрынғы шахтасының учаскелерінде ашық және жер асты тәсілімен тас көмір барлау және шығару бойынша жобаны жүзеге асыру аяқталуда.
Бірінші қажеттілік тауарларының баға өсуін тежеу және тұтынушылық баға индексін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған дәлізде жедел түрдегі ісшараларды және болашағы бар ісшараларды қарастыратын, Шаралар кешені жасалды. 
Жедел шаралар:
бірінші қажеттілік өнімдерін тікелей жеткізуді және көтерме жеткізушілермен байланысты дамыту ұйымдастыру (сиыр, құс еті, шұжық тағамдары, жеміс-көкөніс, сүт және бакалея өнімдері),
бөлшек желілерде коммуналдық павильон және әлеуметтік бөлім жұмысын ұйымдастыру,
тұрақтандыру қорымен жұмыс,
саяжайшылар және ЖҚШ үшін қатысушыларға апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізу,
бағаны және жалға алу төлемін жоғарылатпау туралы меморандум бекіту (қамту 82,1%),
Нан құнында құрайтын коммуналдық қызметті тұрақтандыру.
Жүйелік шаралар -
Тамақтану өнеркәсібінде, соның ішінде мемлекеттік қызмет ұсыну жолымен жобаларды жүзеге асыру:
«Эталон LTD» ЖШС диірмен кешенінің құрылысы есебінен ұн өндіруді қамтамасыз ету. Жобалық қуаттылығы — 16,2 тыс.тонна ұн.
2015 жылдың аяғына дейін — «Алтай 2030» ЖШС макарон зауытының құрылысы жобасын аяқтау.
Тамақтану өнеркәсібінде бар өндірістік қуаттылықты:
«Дедов» ЖШС өндірістік қуаттылығын 22,9%-дан 24,3% дейін арттыру,
«Саран нанкомбинаты» ЖШС жұмысын 4 тоқсаннан қайта құру есебінен.
Мал басын арттыру есебінен ауылшаруашылық өнімін өндіруді арттыру, соның ішінде ЖҚЖК 2020 және Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша микрокредит беруге ЖҚШ иегерлерінің көмерің көмек көрсету жолымен 30 бас көлемінде КРС сатып алу.
Ауылшаруашылық пайдалану жерлерін, яғни картоп өсіру бойынша алаңдарды арттыру (қосымша шаруа қожалықтары үшін 7 га).
Қойма және сақтау орындарының құрылысы.
Бакалея өнімдерінің 30 тонна болатын көтерме қоймасын іске қосу (ЖК Доронин).
МЖБ шарттарында кәсіпорынды ұйымдастатыру немесе «Қарағандырезинотехника» ЖШС 350 тонна көлемінде көкөніс сақтау орнын жалға алу немесе сатып алу бойынша мәселені шешу.
0,64 га жалпы алаңымен жабық грунт көкөністерін өндіруді ұймдастыру («Благоустройство 2030» ЖШС). Жылына көкөністерді өндіру 51,2 тонна.
Әлеуметтік сауда желісін кеңейту: Ақтас кентінде әлеуметтік павильонды ашу (80 кв.м.) есебінен жүктеледі.
Сауда саласының дамуы:
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ашылуы болған «Оптима» ЖШС Сауда орталығының ашылуы.
Жүйелік (әлеуметтік) ісшаралар: өнеркәсіптік тауарлар және қызметтерге тариф бағасын тқрақтандыруды қарстырады.
Ақылы қызметтер бойынша:
Жылумен қамту қызметтеріне тарифты тежеу үшін АрселорМиттал Темиртау меморандуға сәйкес төмен темпиратура кезеңіне жылу көздерін отынмен қамтамасыз ету үшін көмек көрсетіледі.
Мемлекеттік бағдарлама шегінде жылу көздерінің және жылу желілерінің құрылысы жалғастырылуда, бұл әрі қарай жылумен қамтамасыз ету қызметін тұтынушылары үшін біріңғай тариф қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәріз желілерін қайта қалпына келтіру жобасын жүзеге асыру шығындарды қысқартады (40% жуық) және тарифке оң әсер етеді.

Қызметтер саласын қызметтің жаңа түрлерін дамыту және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету есебінен әрекет етушілерні кеңейту: Моноқалаларды дамыту Бағдарламасы және Жұмыспен қамту 2020 жол картасы, Бизнестің жол картасы 2020 шегінде гранттар (2013 жылы 4, 2014 жылы 4), және микрокредиттеу (2013 жылы 1, 2014 жылы 12).
Білім беру
Саран қаласында 8 орта білім беретін мектеп бар. Оның ішіндегі екі мектеп: «№ 2 ОЖББМ» КММ және «№ 7 ОЖББМИ» КММ бір ауысыммен жұмыс істейді. Алты мектеп екі ауысыммен жұмыс істейді. Үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп қалада жоқ. Қала мектептерінде оқушыларға орын жетіспеушілік жоқ. Күрделі жөндеу қажет ететін мектеп жоқ.
Саран қаласының 8 мектебінде бейіндеп оқыту сыныптары ашылған. Жалпы — гуманитарлы бағыттағы оныншы — он бірінші сыныптар — 10 және жаратылыс — математикалық бағыттағы оныншы — он бірінші сыныптар — 17.
Саран қаласында 8 мектепке дейінгі мекеме және № 7, 13, 16 жалпы білім беретін мектептер базасында ашылған 3 шағын орталық қызмет көрсетед. Оқыту «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» мемлекеттік бағдарламалары негізінде жүргізіледі.
Саран қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында (100%) орта және үлкен топтарда ағылшын тілін оқыту енгізілген. Ынтымақтастықты, отбасылық сабақтастықты және қоғамдық тәрбиемен қамтамасыз ету мақсатында барлық мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналар үшін кеңес беру пункті жұмыс істейді. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдары педагогикалық кадрлары 100% қамтылған. Бала бақшаларда 160 педагог жұмыс істейді, олардың 89 адамы (55,6 %) жоғары біліммен. 2015 жылға дейін — 94 адамға (58,7%), 2016 — 2017 жж. — 98 адамға (61,2%) дейін арттыру жоспарлануда.
Даярлық және біліктілігін арттырудан өтуде педагогтардың үлесі 2014 — 2015 жж. — 35%, 2015- 2016 жж — 35,5 %; 2016-2017жж.-36,2% — ға артады.

ҰБТ қорытындысы бойынша Саран қаласының түлектері жоғарғы нәтижелерді көрсетеді және жыл сайын облыс бойынша қала озық орындарды алады (2011 жылы — облыс бойынша 1 орын, 2012 жылы — облыс бойынша білім сапасын 72,96% көрсету арқылы 2-ші орын, 2013 жылы — облыс бойынша білім сапасын 80,67% көрсету арқылы 2-ші орын).

Білім сапасы 2012 жылмен салыстырғанда 14, 95% артты. 2013 жылдан бастап қаланың барлық мектептерінде ағылшын тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту енгізілген. Білім берудің мемлекеттік стандарты бойынша қазақ және орыс тілдері барлық оқушыларға 100% оқытылады. 1, 2 сыныптарда қазақ тілі аптасына 2 сағат, 3, 4 сыныптарда 4 сағат, 5-11 сыныптарда қазақ тілі 4 сағат және қазақ әдебиеті 1 сағат оқытылады. Қазіргі заманғы педагогтардың біліктілігін арттыру деңгейін жетілдіру Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогикалық шеберлік орталығымен және «Өрлеу» Ұлттық біліктілігін арттыру орталығымен әлемдік тәжірибе негізінде өткізіледі. Бұл Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін трансляциялау туралы ел Президенті тапсырмасының маңызды бөлімінің орындалуы. Мұндай дайындық мұғалім мәртебесін көтереді.

Ал, жаңа формациядағы мұғалімдер орта білімді реформалаудағы қозғалыс күшке айналады. Қазіргі уақытта біліктілігін арттырудың 3 деңгейлік курсын қала мұғалімдерінің 19 % өтті. 2015 жылы берілген курсты тағы да 7% өтеді. Осымен қатар орта мектептердегі директорлық корпустың біліктілік сапасын арттыруда жаңа шаралар қабылдануда.

Қазіргі уақытта 2 мектеп директоры Астана қаласында жаңа форматтағы курстарды өтуде. Жыл соңына дейін тағы 1 директор берілген курсты өтеді.

Педагогикалық жаңаша ойлауды, ең үздік әлемдік тәжірибені, «зәру топты» құратын, біздің орта мектептің рухани ортасын толығымен өзгертуге қабілетті және білім беру қызметінің жаңа деңгейін принципті тұрғыда енгізуді меңгерген осы мұғалімдер.
Жұмыспен қамту
2014 жыл ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 49 мүгедек өтініш білдірді және орналастырылды, оның ішінде 8 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жұмыспен қамту орталығы 8 адамды жұмысқа орналастырды. 21 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 3 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 3 мүгедек жастар практикасына, оның ішінде 1- Бағдарлама бойынша жолданды, 5 адам кәсіби оқуға жолданды.
Еңбек нарығында бәсекеге әлсіз жұмыссыз мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында қаланың кәсіпорындары мен ұймдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарынан 3% квота белгілеу және мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға жұмыспен қамту қызметі хаттар жолдады.
Жолдауды жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектелген тұлғалар үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Кезекті жәрмеңкені «Нұр Отан» партиясының Саран дербес бөлімшесі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қалалық жұмыспен қамту орталығы 2014 жылғы 28 мамырда ұйымдастырды және өткізді.
Жәрмеңкеге барлығы 85 жұмыссыз келді. Олардың 50-і мүмкіндігі шектелген азаматтар. Жәрмеңкені өткізген күні 5 адам жұмысқа орналастырылды. Біреуі қайта оқытуға жолданды. Бір адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына кредиттеу бойынша қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жеті адам жұмыстарға орналасуға жолдама алды. 
Бос орындар жәрмеңкесі ағымдағы жылғы 21 тамызда, 26 қыркүйекте өтті. 
Бөлім мүгедектердің әлеуметтік, көлік және денсаулығын қалпына келтіретін инфрақұрылымдар объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді. 
2012 жылы көлік және денсаулығын қалпына келтіретін инфрақұрылымдар объектілерін паспорттау және түгендеу жүргізу жөнінде жұмысшы тобы «Саран қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өкілдерінен және қоғамдық бірлестіктер мүшелерінен құрылды. 2014 жылы топ құрамына «Нұр Отан» партиясы қоғамдық топ мүшелері енгізілді.
2012 жылы әлеуметтік және денсаулығын қалпына келтіретін инфрақұрылымдардың 12 объектісіне, 2013 жылы — 5 объектісіне, 2014 жылы — 6 объектісіне паспорттау жүргізілді.
Паспорттау негізінде бейімделуге жататын, барлық 23 объектінің бейімделу элементтері бойынша ісшаралары көрсетіліп объектілердің жинақ реестрі жасалды, қажетті қаржыландырудың көлемі анықталды және паспорттау жүргізілген объектілер басшыларына жолданды. 
Бұл материалдар ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға ұсынылды.
2013 жылы 1006,0 мың теңге сомаға екі объектіде («Халық банкі» АҚ Саран дербес бөлімшесі, «Саран қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ), 2014 жылы — 4 объектіде ( «Малыщ» балалар бақшасы, № 1 ЖБОМ, «Казпошта» ААҚ, «Сәуле» балалар бақшасы) ішінара қалпына келтірілу жүргізілді.
Саран қаласы және Ақтас кентінде әлеуметтік, көлік және денсаулығын қалпына келтіретін инфрақұрылымдардың 124 объектісіне түгендеу жүргізілді. Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша барлығы 76 объектіде 90 пандус орнатылды.
2012-2013 году Саран қаласында кіреберістерінде пандус орнатылған 2 үй пайдалануға берілді.
Мүмкіндігі шектелген адамдар құқықтарын жүзеге асыру мақсатында әлеу.мәд.тұрмыс ғимараттарын және басқа объектілерді қабылдауда комиссияға «Саран қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы енгізілді. Объектілерді қабылдау және тіркеу актісіне мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін құрылғылар болған жағдайда ғана қол қойылады. 
2014 жылы Саран қаласы және Ақтас кентінде әлеуметтік объектілердің орналасқан, мүмкіндігі шектелген жандар жиі баратын орындарына «Абайлаңыз, мүгедек» белгілерін орнату жерлерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-іне әлеуметтік маңыздағы объектілерге іргелес жолдарға белгі және бағдаршамдар орнатылған орындарда сигналдар орнату (көзінен мүгедектер үшін) туралы хат жолданды. 
7 қарашада қалада әлеуметтік инфрақұрылымдардың бейімділігі жөнінде республикалық тексеріс өткізілді. Жұмысшы тобын «Нұр Отан» республикалық партиясының өкілдері басқарды. Осы бағыттағы қаладағы оң жұмыстар атап көрсетілді.
94 мүгедекті гигиеналық құралдармен, 67 мүгедекке жеке көмекші қызметін үсынуды және 25 мүгедекке ым-ишарат тілі маманымен қамтамасыз ету жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Барлық мұқтаж мүгедектер осындай оңалту түрлерімен қамтылған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлемдер16,9 млн.теңгені құрады.
Инватакси қызметін 94 мүгедек пайдаланады, 2014 жылғы 10 айдың ішінде 4,3 млн.теңге сомаға қаржыландыру жүргізілді.
Сурдо—ифло құралдары, қозғалудың арнайы құралдары, протездік-ортопедиялық бұйымдар, санаторийлік-шипажайлық жолдамалар облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынады.
Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі ИПР ұсынған негізде 27 мүгедекке, оның ішінде 24 зейнеткер жасындағы адамға, 3 мүгедекке қызмет көрсетеді.
Бөлімше мүмкіндігі шектелген 80 балаға, оның ішінде 18 жастан асқан 17 адамға үйде қызмет көрсетуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
«Жалпы қуаттылығы 105 МВт құрайтын қайта қалпына келетін энергия көздерінің құрылысы бойынша меморандумдарды жүзеге асыру».
Ел Президентінің энергия үнемдеу технологияларын, қосымша және қайта қалпына келетін энергия көздерін қолдану туралы тапсырмасын орындау мақсатында, қала аумағында күн батареясы негізіндегі электростанция модулі құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Денсаулық сақтау
Саран қаласының Емханасы 51 399 адамды құрайтын халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде ересектері — 41 922 адам, балалар — 7 870 адам, жасөспірімдер — 1 607 адам.
Емханада 68 дәрігер және 147 орта медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Дәрігерлер 19 емдеу мамандықтары және 5 қосымша қызмет мамандықтары (лаборант, физиотерапевт, функционалды диагностики дәрігері, УЗИ дәрігері, емдеу денетәрбиесі дәрігері) бойынша қабылдайды.
Медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілу 43 пайызды құрайды.
2014 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша демографиялық, өлім және ауыру көрсеткіштерінің жағымды көрсеткіштері байқалады

Демографиялық көрсеткіштер

Көрсеткіш

2014 жыл

2013 жыл

Туу (1 000 адамға)

579 ад. — 13,5

568 ад. 13,3

Өлім (1 000 адамға)

485 ад. 11,3

498 ад. 11,7

Сәбилер өлімі

2 ад. — 3,8

2 ад. — 3,5

Ана өлімі

0

0

 

Әлеуметтік маңызды аурулардан ауыру және өлім көрсеткіштері

Көрсеткіш

2014 жыл

2013 жыл

Туберкулезбен ауыру

(100 мың адамға)

23 ад.

44,7

32 ад.

62,4

Туберкулезден өлу

(100 мың адамға)

2 ад.

3,8

3 ад.

5,8

Онкоаурулар

(100 мың адамға)

101 ад.

196,5

120 ад.

234,3

Онкоаурулардан өлу

(100 мың адамға)

50 ад.

97,2

49 ад.

95,7

Онкоаурулардың асқынған түрлерінің саны

26 ад.-25,7

38-31,6

15-49 жас аралығындағы халық арасында ЖИТС —тың таралуы

4 ад. — 7,8

8 ад. — 15,7


Әлеуметтік-маңызды аурулардың алдын ала диагностикасын өткізу мақсатында халықтың мақсатты топтары арасында скриннингтік тексерулер жүргізіледі.

Скриннингтік зерттеу түрі

Жылдық жоспар

10 ай бойынша орындалуы

10 ай ішінде патологиялық өзгерістері бар пациенттердің анықталуы

Абс.

%

Абс.

%

1

Қан айналым жүйесінің аурулары

7 500

7396

98,61

518

7,00

2

Қант диабеті

7 500

7396

98,61

22

0,30

3

Глаукома

6581

6581

100

3

0,05

4

Колоректалды рак

4342

4342

100

3

0,07

5

Сүт безінің ауруы

1322

1248

94,40

110

8,81

6

Жатыр ауруы

1522

1336

87,78

71

5,31

7

Рак предстательной железы

780

780

100

0

0

8

Асқазан ауруы

1660

1649

99,34

30

1,82

9

Гепатоцеллюлярлы рак

13

13

100

0

0